Ақтауда ұрылар алты айлық мүгедек сәбидің есту құрылғысын ұрлап кеткен
Пәтер тонаушы Ақтаудың 1 ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің біріне терезенің форточкасы арқылы кірген.
Бұл туралы «Мой Город» порталы хабарлады.
Пәтер иесі Мария Лабецкаяның айтуынша, ұры оларға 880 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Тонаушы алты айлық Алиса Лабецкаяға арналған есту құрылғысын ұрлап кеткен. Оған қоса, құрылғының нұсқаулары мен батарейкаларын, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді, екі ноутбук пен планшетті қолды қылған.
«Қызым Алисаның туғаннан бері есту қабілеті бұзылған. Біз есту құрылғысын алу үшін бүкіл қала болып ақша жинағанбыз. Құрылғы болашақта қызымның есту қабілетін толық жоғалтпауына көмектеседі. Құрылғысыз біз ештеңе істей алмаймыз. Егер оны уақытында орнатпасақ, қызым есту қабілетінен мүлде айырылады. Есту құрылғысының құны 450 мың теңге. Шындығында, ұры осы құрылғыға бола келген. Өйткені ол барлық шкафтарды сындырып, нұсқаулықты да, батарейкаларды да іздеген. Біз полицияға арыз жаздық», – дейді Мария Лабецкая.
Марияның айтынша, ұры қашуға асықпаған. Ол қолын жуып, тәтті печеньелерді де жеп үлгеріпті. Айта кетейік, Ақтауда жыл басынан бері 80-нен астам ұрлық тіркелген.
Жіберіп алмаңыз:
Өскеменде студенттер өздеріне ыңғайлы мобильді қосымша ойлап тапты
Шымкентте ойнап жүрген балалар адамның мәйітін тауып алды
Паркомат суыққа қатып қалса, тұрақ үшін ақы төлемеуге болады
Алматыда салафит жігіттің алтыншы әйелі туған баласынан бас тартты