Ақтауда тұрғындар қоғамдық көлікке кондуктор мамандарын қайта әкелуді сұрады
Фото: lada.kz
Ақтау тұрғындары қалалық автобустардың көбінде жолсеріктердің (кондукторлардың) болмауына наразылық білдіруде. Жолаушылардың айтуынша, жолақыны бақылау міндеті жүргізушілерге жүктелген. Ал бұл олардың жұмысын қиындатып қана қоймай, қауіп төндіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілттеме жасап хабарлайды.
Жолаушылардың пікірінше, автобуста кем дегенде бір жолсерік болуға тиіс. Бұл әрі ыңғайлы, әрі тәртіпке де әсер етеді.
Қалалық әкімдік мәліметінше, қазір:
- Кондукторлар тек №2, №4 және №12 бағыттарда бар;
- №3 және №5 бағыттарда – тек кейбір автобустарда;
- №1, №4М, №6, №7, №8 және №9 бағыттарда мүлдем жоқ.
Билік бұл жағдайды жаңа төлем жүйесінің енгізілуімен түсіндіреді. Қазір жүргізушілерге жолақыны тіркейтін планшеттер берілген. Ал болашақта төлем бақылауы бақылау – тексеру қызметіне жүктелмек.
Сонымен қатар, жүргізушілерге әр аялдамада барлық есікті ашу туралы тапсырма берілген. Жолаушы жолақысын төлесе де, төлемесе де, автобусқа еркін мінуі үшін.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген