Ақтауда теннис орталығынан вирус жұқтырған науқастарға арналған стационар ашты
Ақтауда теннис орталығын COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациенттерге арналған 150 орындық стационар етіп қайта жабдықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті "Ақтау-Лада" басылымына сілтеп хабарлайды.
Пневмониямен ауыратын науқастардың саны өскен жағдайда провизорлық орталықтар басқа әлеуметтік объектілерде орналастырылатын болады.
Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығында емделушілерді емдеуге тартылатын медициналық қызметкерлер қонақ үйлерге жайғастырылады деп хабарлады.
"Қазір Маңғыстау облысының барлық қалалары мен аудандарында пульмонологиялық провизорлық орталықтар санын арттыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Ауырғандар санының өсуіне байланысты Бейнеу, Жаңаөзен және Ақтау аудандарында ерекше шаралар қолданылуда", - деп хабарлады жергілікті билік.
Ақтауда провизорлық орталықтар бірінші шағын ауданда (100 орын), туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратында (100 орын), Маңғыстау облыстық ауруханасының "в" блогында (300 орын) және теннис орталығының базасында (150 орын) ашылды.
Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін облыстық ауруханада 150 төсек-орынға арналған провизорлық стационар ашылады.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
