Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тауық жұмыртқасының бағасы бірден бірнеше есеге көтерілді

Ақтауда тауық жұмыртқасы қымбаттады, жергілікті тұрғындар бұл өнімнің тапшылығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 "Лада" басылының жазуынша, жеке меншік дүкендерде он тауық жұмыртқасының бағасы 500 теңгеден басталады. Кейбір супермаркеттерде шектеу қойылды. Тек оншақты жұмыртқа сатып алуға болады.

InAktau-дың хабарлауынша, Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бастаған жұмыс тобы қаланың супермаркеттері мен гипермаркеттеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізген.

Ақтау әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жаңа жыл қарсаңында тұрғындарды қолжетімді бағалармен қамтамасыз ету үшін қалалық билік өкілдері кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу туралы тапсырма берген.

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Желтоқсан, 2020 06:51
Талқылау