Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Ақтауда 2 маусым күні суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Lada.kz порталының жазуынша, құтқарушылар 2 маусымда 2005 жылы туған жасөспірімнің суда жүзіп жүріп батып кеткен денесін жағадан жүз метр қашықтан тапқан.

16 жастағы бала арнайы тақтаймен (SUP-борд) теңізге шыққан.

"Таңғы сағат 8:35-те Каспий теңізінің жағалауында Төтенше жағдайлар департаментінің күштері 2 маусымда серфингпен жүзіп жүріп суға батып кеткен 2005 жылғы жасөспірімнің мәйітін тауып, жағаға шығарды", - деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға тергеушісі Есен Борашев.


Қызылорда облысында суға батып кеткен ер адамның денесі 4 жылдан кейін табылды


Белгілі болғандай, қайтыс болған жасөспірім Бейнеу ауылының тұрғыны екен.

Еске салсақ, кеше, 2 маусымда ТЖД-іне жасөспірімдердің суға батқаны туралы бірден екі хабарлама түскен: үш баланың екеуін құтқарып қалудың сәті түсті.

Айнұр Мұхади
Жұма, 03 Маусым, 2022 16:21
Талқылау