Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда сот аса қауіпті ҰҚТ басшысына үкім шығарды

Ақтауда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "ТТС" ҰҚТ көшбасшысы мен қатысушыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tumba.kz порталына сілтеме жасап.

Қылмыстық топтың жетекшісі Рзабек Жексенбаев 20 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасы қатаң режимдегі мекемеде өтейді.

ҰҚТ мүшелері Досан Бимырза мен Ернұр Зорбай тиісінше 15 және 14 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.

Іс бойынша негізгі айыпталушылар Қылмыстық кодекстің жеті жалпы қылмыстық бабы бойынша сотталды, олардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған "кісі өлтіруге оқталу", "атыс қаруын заңсыз сақтау", "бопсалау", "адамды ұрлау", "бұзақылық" және басқалары бар.

Бұған дейін "ТТС" ҰҚТ ісі бойынша сот отырысында куәгерлер мен жәбірленушілер таңқаларлық мәлімдемелер жасаған. Атап айтқанда, есеп айырысу кезінде топ мүшесінің өлімі үшін оның жетекшісі қарсы топтан бес миллион теңге талап еткені айтылды.

2019 жылдың шілде айында ҰҚК және ІІМ қызметкерлері Маңғыстау облысының аумағында әрекет еткен аса қауіпті ҰҚТ көшбасшысы мен мүшелерін ұстады. Сол кезде заңсыз айналымнан 15 бірлік атыс қаруы, оның ішінде АК-74 автоматы, "ТТ" жүйесінің тапаншасы, револьверлер мен аңшылық мылтықтардың кесінділері тәркіленді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр