Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда сауда орталығындағы эскалаторға мінген 7 жасар қыз саусағынан айырылды

Сауда орталығында жарақат алған 7 жастағы қыз Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Оқыс оқиға 1 наурыз күні қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қыздың қазіргі жағдайы туралы түсініктеме берді.

“Жеті жастағы қыз жаратқат алып, Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына түсті. Бала саусағының жартысынан айырылған. Дәрігерлер оны сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажет медициналық көмек көрсетілді. Науқас оңалту курсын өтіп жатыр. Қандай да бір болжам жасауға әлі ерте”, – деп мәлімдеді ведомство.



Бұған дейін Ақтауда әйел көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болғаны туралы жазған едік.

Талқылау