Ақтауда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді
Ақтауда салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәбидің анасы Мұнайлы ауданының тұрғыны, бұл оның төртінші баласы екен. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.
"Тексеру кезінде әйелдегі ұрықтың өте үлкен екенін анықтадық. Сосын біз кеңес жинап, әйелді кесарь тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Ота сәтті өтті. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, мұндай салмақтағы сәбилердің туылуы ерекше құбылыс", – делінген облыстық перинаталдық орталықтың хабарламасында.
Бала мен оның анасы бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болып, кейін үйлеріне шығарылды. Шыққан кезде баланың салмағы 6 келі 280 грамм болған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”