Ақтауда ер адам полицейді пышақтап өлтіріп кеткен (видео)
3 тамызда түнде полицейді пышақтап өлтіріп кеткен. Облыстық полиция департаменті көз жұмған азаматтың полицей екенін растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің сөзінше, 17 шағынауданда 2-нен 3 тамызға қараған түні полицей пышақ жарақатын алған. Ер адам ауруханада жан тапсырды.
Полиция департаментіде аталған деректі растады. Ведомство өкілдері 03:50-де кезекші бөлімге 17 шағынаудандағы ауладан Маңғыстау облыстық ауруханасына 26 жастағы ер адамның жедел жәрдеммен жеткізілгені туралы ақпарат келіп түскенін мәлімдеді. Ол мойын тұсынан пышақ жарақатын алған. Алайда жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмған.
Қаза тапқан ер адам еңбек демалысында болған полиция қызметкері екені анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 27 жастағы күдікті ұсталды.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеу реестрінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.
Әлеуметтік желіде қаза тапқан ер адам мен күдіктінің суреті жарияланған. Құжаттарға сәйкес, көз жұмған азамат Ақтау полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі бойынша учаскелік инспектор болып қызмет еткен. Ол 2016 жылдан бастап органда жұмыс істеген, ал 22 шілдеден бастап еңбек демалысында болған.