Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда полицей жезөкшелерден түскен ақшаға үй сатып алғаны анықталды

Ақтауда полицей жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар желісін ұйымдастырудан түскен қаражатқа үй сатып алған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полиция

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР қылмыстық кодексінің 309-бабының 3-бөлігіне (қылмыстық топтың жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұстауды ұйымдастыруы), ҚР қылмыстық кодексінің 305-бабына (адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін фактілер туралы ақпаратты жасыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

"Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жылжымайтын мүлік сатып алған қылмыстық топтың бір мүшесіне қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 218-бабының 1-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңсыз айналымға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды", - делінген ресми хабарламада.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінә дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Еске салайық,  бұған дейін Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық прокуратурамен бірлесіп, Ақтауда секс-притонның жолын кескен еді. Ресми деректерге сүйенсек, заңсыз қылмыстық топтың жұмысын полиция басшылары көлегейлеп келген. 

Талқылау