Ақтауда педофилді соттайтын алқа билер табылмай жатыр
Ақтауда атышулы педофилге қатысты сот процесі басталып болар емес. Алқа билер әлі күнге дейін іріктелмей, іс созбалаңға салынған, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Бұған дейін сот айғақтардың аздығына байланысты нақтыланбаса, енді алқа билердің болмауынан тағы кейінге қалды. Өйткені азғынға үкім кесетін адамдар соттың талабына сәйкес келмей жатыр. Бірінің емізулі баласы бар, бірі тым кәрі деген соттағылар келгендердің бәрін кері қайтарған. Ал негізі атышулы педофилге алқа би болуға барлығы жүзден аса ақтаулық ниет білдіріпті.
Енді айыпталушыға жаза кесуге атсалысатын 12 кісіні таңдау келесі аптаға қалды. Былтыр жазда Ақтауда 6 жасар қыз жоғалып, артынша зорланғаны анықталған. Жыныс мүшесі жыртылған бүлдіршін Астанада бірнеше ай комада жатып сол күйі тілге келмей көз жұмды. Көп ұзамай күдікті де ұсталған болатын. Ауыр қылмысы үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін педофил өмірін құтқарып қалу үшін соттан әдейі алқа билердің де қатысуын сұратып қоймапты.