Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда педофил алғаш рет химиялық жолмен піштіріледі

Маңғыстау облысындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан 54 педофилдің біреуі химиялық жолмен піштіріледі. Мамандар кастрация дәрісінің қанша тұратынын айтты.

Бұл туралы Лада хабарлады.

Кастрция жасалатын алғашқы сотталушы 2018 жылдың қыркүйегінде жазасын өтеп шығады.

“Әрі қарай сот-психиатриялық сараптама белгіленеді. Дәрігерлерден құралған арнайы комиссиясы тұтқынды толыққанды тексеріп, химиялық піштіруді өткізу немесе өткізбеу туралы шешім қабылдайды. Комиссия қорытындысының негізінде сот соңғы шешім шығарады”, — дейді Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Анарбаев.

Сот оң шешім қыбалдаса, педофилге ципротерон препараты мәжбүрлі түрде егілетін болады. Бұл дәрі қоздыру мен жыныстық белсенділікті төмендетеді.

Бір сотталушыға жыл бойы 26 екпе салынады. Оны әр 10-14 күн сайын салып отыру керек.  Дәрінің бір ампуласы 4000 теңгедей тұрады. Яғни, бір адамға арналған химиялық піштіру курсы 127 мың теңгені құрап отыр.

Тағы оқыңыз:

Маңғыстауда малдардың құтыру дертінің қайдан пайда болғаны анықталды

Қайтыс болған банкир Тәтішевтің телефондағы әр сөзі тыңдалатын болды

Қызылордада құлаған үй: Тұрғындарға 6 ай уақытша баспана беріледі

Рудный телеарнасының ғимаратынан скотчпен оралған күдікті қорап табылды

 

Талқылау