Ақтауда мұнайшылар митингке шыққандарға қосылды
4 қаңтарда "Ынтымақ" алаңында митингке шыққан азаматтарға мұнай саласының қызметкерлері қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі InAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, газ бағасының бірден 120 теңгеге көтерілуіне наразы болған Маңғыстау тұрғындары митингке шыққан еді.
Маңғыстауда митингке шыққандар әнші Қайрат Нұртастың көлігін өткізбей қойған
3 қаңтарда Үкімет газ бағасының 85-90 теңгеге дейін түсіретінін мәлімдеген. Маңғыстау облысының әкімі Ақтау және Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын өткізген. Алайда жиналған тұрғындар тарай қоймады.
Айта кетейік, бұған дейін куәгерлер Ақтауда ер адамның мәйіті табылғаны жайлы мәлімдеген еді. Кейін полиция деректі растап, 1972 жылы туған ер адамның мәйіті екенін айтқан.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады