Куәгерлер Ақтауда ер адамның мәйіті табылғаны жайлы мәлімдеді
Ақтауда куәгерлер 32В шағын ауданында, "Шаңырақ" тұрғын үй кешенінің маңынан ер адамның мәйіті табылғаны жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

"Бәлкім, біреулер танитын шығар немесе іздеп жатқан болар", – деді куәгерлер.
Мәйіт қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні табылған.
Маңғыстау облысы полиция департаментіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді.
"1972 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындады", – деді полицейлер.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты