Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда медицина қызметкерлеріне үш ай бойы жалақы берілмеген

Ақтаудағы медициналық клиникаcында қызметкерлеріне үш ай жалақы берілмеген. Мекеме басшылығы бюджет тапшы деп ақталуда деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty TV арнасына сілтеме жасап.

ақтау мед

Бос уәдеден шаршаған ақтаулық дәрігерлер еңбек инспекциясы ғимаратының алдына жиналды.

Ақтау клиникасының медицина қызметкерлері табыстарын қаңтар айынан бастап жалақы алмаған. Көбісі соның кесірінен жұмыстан шықты. Дәрігерлер еңбек инспекциясына сәуір айының басында жүгінді. Жауапты мамандар бұл мәселеге бір апта бойы үн қатпаған.

"Заң бойынша, олар 10-на дейін күте тұрсын деді. Кеше кешке дейін күттік, бірақ әлі ештеңе жоқ. 6 ақпанда мәлімдеме жаздым. Екі айдың ішінде ештеңе қарастырмаған. Бүгін директор келетінін айтты", – деді медбике Гүлзада Сағынғалиева.

"3-сәуірде мәлімдеме жаздық. Бірақ шара қолданылмады. Жұмыс көп деп ақталды. Қанша уақытқа дейін күтуіміз керек? Мәселе шешіледі деп үміттенеміз", –дейді медбике Жеңісгүл Бектілеуова.

Өткен жылы да жалақы кешіктірілген. Медициналық мекеме басшылығы бұл мәселе бюджет қаражатының жетіспеушілігінде екенін түсіндіреді. Сонымен қатар клиника жабылуы да мүмкін дейді. Осы уақытта еңбек инспекциясының мамандары арыздың қаралып жатқанын және істі прокуратураға жібергенін хабарлады.

"Келіп түскен ұжымдық және жеке өтініштерге байланысты "Адем мед" клиникасына жоспардан тыс тексеру тағайындалды. Осыдан кейін барлық нәтижелер айтылады. Жоспардан тыс тексеру бес жұмыс күніне созылады", – деді Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы Қанат Сағидуллин.

Мамандардың айтуынша, заң бойынша жұмыс беруші жұмыстан босатылған қызметкерге үш жұмыс күні ішінде жалақы төлеуге міндетті. Алайда медицина қызметкерлеріне инспекциялық тексеру екі айға дейін созылуы мүмкін екендігі ескертілді.

Талқылау