Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда құлаған ұшақ бортында қазақстандықтар да болған

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Қазақстан азаматтары да болған. Төтенше жағдайлар министрлігі апаттан 28 адам тірі қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

желіде тараған видеодан скрин

Мәліметтерге сенсек, ұшақ бортында 67 адам болған. Оның ішінде 5 экипаж мүшесі және 37 Әзірбайжан азаматы, 6 Қазақстан азаматы, 3 Қырғызстан азаматтары мен Ресей Федерациясының 16 азаматы болды.

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ апатынан 28 адам аман қалды. Зардап шеккендер арасында 11 және 16 жастағы балалар бар.

Айта кетейік, оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті, МӨСҚ, Полиция департаментінің 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды. 



Бұдан бөлек Әзірбайжан әуе компаниясының ұшағының Маңғыстау облысында құлауы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазір көлік полициясы департаменті "Көлік құралын пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу, соның салдарынан екі немесе одан да көп адамның қазасына себеп болған" бабымен алдын ала тергеу бастады", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау маңында ұшақ құлағанын жаздық. Апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы желіде тарады. Embraer 190 ұшағы Әзірбайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі. Ол Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Құлау алдында ол Каспий теңізінің үстінен Төтенше жағдайлар департаментіне сигналын берген.  Қазір зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Тірі қалғандар бар екені хабарланды.

Талқылау