Ақтауда күндіз көшеде әйелін соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр
Ақтауда күндізгі уақытта әйелін көшеде сүйрелеп, ұрып-соққан ер адамның әрекетін тұрғындар видеоға түсіріп алған. Полицейлер күш көрстеккен адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі 13-ші шағын ауданда №48 үйдің маңында болған ер адам мен әйел арасындағы жанжал түсірілген видеоны зерттеп жатқанын хабарлады.
Видео авторы күш көрсетудің ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балаларының көзінше болғанын айтты.
Кадрда ер адам әйелді жұлқылап жерден тұрғызуға тырысқан. Қарсылық танытқан соң ол әйелдің бетінен бірнеше рет шапалақпен ұрған. Кейін күшпен итеріп үйлердің алдына қарай алып кетеді.
“Бұл факті бойынша "102" пультіне қоңырау түскен жоқ. Полицияға ешкім арызданбады. Бейнежазба зерттелуде. Учаскелік полиция инспекторлары аталған тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізуде”,- деп хабарлады облыстық полиция.
Талқылау