Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды
23 тамызда кешкі уақытта Ақтау жағасында ТЖ орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі инАктау басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға "Stigl" демалыс базасында орын алған. Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Куәгерлердің сөзінше, суда шомылған кішкентай қыз ата-анасының назарынан тыс қалған. Жақын маңайда демалып жатқан ер адамдар оны бір өлімнен аман алып қалды.
"Бір ер адам есінен танып қалған қызды жағаға шығарды. Екіншісі бірінші медициналық көмекті көрсетті. Сосын жедел жәрдем келді. Негізі, барлығы қолдан келгенше көмектеуге тырысты. Барлығы керемет адамдар", — деді куәгерлер.
22 тамызда "Tree of Life" демалыс базасындағы аквапарктың жанында бес жасар бала өлімнен аман қалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”