Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты үйдің шатырында жүгіріп жүрген балалардың видеосы жарияланды (видео)

Ақтауда куәгерлер Green Park тұрғын үй кешенінің шатырында жүгіріп жүрген балаларды видеоға түсіріп алды. Қазір полиция балалар мен олардың ата-аналарын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап. 

балалар

Видео әлеуметтік желіде тараған. Кадрлардан үш баланың 17-шағын аудандағы көпқабатты үйдің шатырында жүгіріп жүргенін көруге болады. 

Полициядағылар оқиғаның 23 мамырда болғанын мәлімдеді. 102 пультіне 19:45 шамасында балалардың шатырда жүргені туралы хабар келіп түскен. 

"Хабарламадан кейін ювенальді полиция қызметкерлері аттанды. Алайда барған кезде шатырда ешкім болмаған", – делінген полицейлер хабарламасында. 

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балалардың кім екенін анықтап жатыр.

"Қазіргі уақытта шатырға шығатын жер жабылды", – деп түсіндірді ведомстводағылар. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 24 Мамыр, 2022 15:52
Талқылау