Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көмек сұрап айғайлаған қызға қатысты полиция пікір білдірді (видео)

Полицейлер Ақтауда көмек сұрап айғайлаған қыздың видеосына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Күні кеше әлеуметтік желіде қыздың көмек сұраған видеосы пайда болды. Кадрдан ер адамның оның қолынан ұстап тұрғанын, ал қыздың "көмектесіңіздер" деп айқайлап жатқанын көруге болады. Оқиға 11-шағын ауданы, Ынтымақ алаңында болған.

Маңғыстау полициясы қыздың телефоны ұрланғанын айтты.

"20 шілде күні сағат 02:30 шамасында "102" кезекші пультіне белгісіз біреу жәбірленушіні қорқытып, оның "Самсунг" маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағаны туралы қоңырау түсті. Осылайша, күдікті 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген", – деп хабарлады ведомство.

Күдікті анықталып, оны тергеу жұмыстары жүргізілуде.

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша Ақтау қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", –  деді тәртіп сақшылары.
 

Талқылау