Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көлік кептелісіне тап болған жүргізушінің бірі екіншісін пышақтап кеткен

Ақтау қалалық сотында сотталушы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mng.sud.kz сайтына сілтеп Stan.kz.

Видеодан кадр/lada.kz/

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Е., Ақтау қаласындағы 13 шағынауданда көлік басқарып келе жатып, кептеліске тап болған. Салдарынан екі жүргізушінің арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Е. өзінің автокөлігінен пышақ алып шығып, жәбірленуші Д.-ның ішіне сұққан. Ол жерге құлаған кезде оқиға болған жерден ізін суытқан.

Ақтау қалалық  сотының үкімімен Е. ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру)  кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, оған тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда ер адам өзіне тұрмысқа шығудан бас тартқан сүйіктісін өртеп жіберді

Баян Алагөзова тарихи телехикая түсірудің қиындығы туралы айтып берді

Әнші Бағлан Әбдірайымов басы дауға қалған Төреғали Төреәліні сын астына алды

Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады

Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады

Талқылау