Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көлік қағу салдарынан екі аяғы да сынған әйел ауруханаға жатудан бас тартты

Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде көлік әйелді қағып кетті. Оқыс оқиғаны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға сенбіде түс ауа 13 және 14-шағынаудандар арасындағы тасжолда, "Кораблик" бизнес орталығына қарама-қарсы жерде болған.

1967 жылы туған жәбірленуші облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелге екі аяғының ығыспай сыну диагнозы қойылған. Науқас ауруханаға жатудан бас тартқан, сондықтан оған гипс салынып, үйіне жіберілгені айтылды.

Талқылау