Ақтауда қызметкерлер жол жиегіндегі суды күрекпен тазалауға мәжбүр (видео)
Ақтауда коммуналдық қызметкерлердің жол жиегіндегі суды күрекпен жинап жатқаны тұрғындардың наразылығын туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
Желіде ақтаулық кіші қызметкерлердің суды күрекпен жинаған видеосы тарады. Желі қолданушылары не себепті билік арнайы техникамен қамтамасыз етпегенін сұрап, сынға алды.
Бұл оқиғаға қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі түсініктеме берді.
Шенеуніктер белгілі бір аумақта жиналған судың мөлшері аз болғандықтан, арнайы құрылғыны, моторсорғы қолдану мүмкін емес екенін түсіндірді. Сол себепті жұмысшылар қала жолдарын қолдап тазартуға мәжбүр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”