Басты жаңалықтар
Ақтауда киелі жерлерге барып, жоғалып кеткен Алматы тұрғыны табылды
Маңғыстау облысында өткен аптада Ақтаудағы киелі жерлерге барып, жоғалып кеткен Алматы қаласының тұрғыны Мажтай Жаханшах табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 жастағы алматылық жігіт 1 маусым күні Ақтау мен Маңғыстау облысының арасынан табылған.
"Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, оған медициналық көмек қажет емес", – деп түсіндірді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар жігітті бір апта іздеді. Іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 25 адамы, үш техника, кинологтардың екі тобы, әкімдік пен ТЖД қызметкерлерінен тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары, еріктілер қатысқанын хабарлады
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған