Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда кездейсоқ жүргіншілер алапат өрттен екі баланы құтқарып қалды

Ақтауда көшеде кетіп бара жатқан кездейсоқ жүргіншілер өрт сөндірушілер жетемін дегенше кәмелетке толмаған екі баланы қызыл жалын арасынан алып шыққан.

photo_203357

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға 22 желтоқсан күні 22 ықшамаудандағы әкімшілік өндіріс ғимаратының екінші қабатында болған.

Оқиға туралы хабар өрт сөндіру қызметіне жергілікті уақытпен 12.34-те түскен. Әкімшілік ғимараттың екінші қабатындағы жиһаз офисі өртенген. Өрт аумағы 20 шаршы метрді шарпыпты.

Өрт сөндірушілер келемін дегенше қарапайым адамдар 4 және 5 жастағы бала мен қызды құтқарып қалған. Ол кезде балалардың анасы ғимараттың жанындағы “777” кафесінде болған. Ол сол жерде жұмыс істейді екен.

Анасы қатты қорқып қалғандықтан, қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Балалардың айтуынша, олар сіріңкемен ойнаған. Өрт сегіз минут ішінде сөндірілді.

Оқи отырыңыз:

Лаңкестік кезінде «дәретханаға тығылып қалған» қос майор сот алдында жауап беруде

Алматылық бойжеткен көлігімен полицейді қағып кетті (видео)

ШҚО-да қытайлық азамат 11 жасар бүлдіршінді зорламақ болды

iPhone жарылып зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны адам шошырлық жарақатын көрсетті

Талқылау