Ақтауда "Қазазоттың" газ қалдықтары көшеге таралып кеткен
Ақтауда 21 шілдеде "Қазазоттан" газ шығарындылары шықты. Жоспардан тыс тексеруді экологтар жүргізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтау тұрғыны "ҚазАзот" ауданында "Түлкі құйрығы" деп аталатын сарғыш түтінді бейнежазбаға түсіріп алған.
Кәсіпорында технологиялық режимнің бұзылғаны расталды. Айтуларынша, тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.
"Агрегатты іске қосу процесінде абсорбция колоннасына су беру желісінде бекіту арматурасының құрылғысы кептеліп қалды және колоннаға тұзсыздандырылған судың шектеулі берілуіне байланысты бес минут ішінде атмосфераға нитроздық газдың қысқа мерзімді бөлінуімен технологиялық режим бұзылды", – деп түсіндірді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінде.
Департамент кәсіпорында жоспардан тыс тексеруді тағайындады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”