Ақтауда Каспий теңізіне тат су төккендер анықталды
Ақтауда Каспий теңізіне тат су төккені үшін кәсіпкерлер емес, өрт сөндірушілер жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Анықталғандай, судың түсі көлік цистернасынан төгілген тат салдарынан өзгерген.
"Шұғыл шолу жасалып, теңіз суынан сынама алынды. Су ұзақ уақыт сақталып, салдарынан цистернада тат басып кеткен. Әрі қарай теңізге төгілген. Кінәлілер жазаға тартылады", – деді экология департаменті бөлімінің басшысы Гүлім Ұлықбанова.
Айта кетейік, бұған дейін желіде қара массалы заттың Каспий теңізіне ағып жатқаны көрсетілген видео тараған еді. Теңізге қара масса ағызылып жатқан құбыр Достар жағажайы мен "Кеппел-Казахтан" ЖШС арасында орналасқан.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді