Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қаскөйлер ерекше қажеттігі бар жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Ақтауда ерекше қажеттігі бар жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген күдіктілер тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay

Қаскөйлер мүгедектігі барларды қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Олар "Кедергісіз қала" пилоттық жобасын жүзеге асыру барысында анықталған.

“Заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті облыстық прокуратурамен келісе отырып, бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде 22 сәуірде құқықбұзушылыққа қатысы бар тұлғалар ұсталды. Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық кодексінің 128-бабы 2-бөлігінің 1,6 тармақтары “Адам саудасы” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды”, – деп мәлімдеді облыстық прокуратура.


Үлкен бақталастық: Елімізде әлдекімдер қайыр тілеуді бизнеске айналдырған


Баптың бір бөлігінде мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Талқылау