Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қаруласын ұрған сарбаз 12 жылға сотталуы мүмкін

Ақтауда қаруласын өлтіріп ала жаздады деп күдікке ілінген сарбаздың ісі әскери сотта қаралып жатыр, деп хабалайды КТК.

18 жастағы Айбарыс Жақыпбек жауынгер Дәулет Әшіровті орындықпен басынан ұрып есінен тандырды деп айыпталуда.

Бірақ олардың арасындағы даудың неден туындағаны әзірге белгісіз. Бір анығы, екеуі де бір уақытта әскер қатарына шақыртылған. Ал жәбірленуші Дәулет Әшіров бүгінгі сот отырысына қатыса алмады. Өйткені ол Астанада емделіп жатыр. Дәрігерлер Дәулеттің хәлін ауыр деп бағалаған. Сондықтан сотта оның мүддесін ата-анасы қорғады.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 20 қараша күні басы жарылып, миы шайқалған жауынгер Әшіров ес-түссіз ауруханаға түскен болатын. Кейін оның қаруласы Айбарыс Жақыпбек басынан орындықпен ұрды деген күдікке ілінген еді. Енді айыпталушының қылмысы дәлелденсе, 12 жылға сотталуы мүмкін.

Тағы оқыңыз:

ШҚО-да медицина маскасын киген қыз зейнеткерді ұрып, ақшасын тартып алған

Қазақстаннан кеткен жоғары білімді мамандар саны рекордқа жетті

Оралда жолға шашылған тауық аяқтары тұрғындардың ашуын келтірді

Талқылау