Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда карантин талаптарын бұзған караоке иесі тексеруші топқа жұдырық ала жүгірді

Ақтауда түнде жасалған рейд төбелеспен аяқталды. Аудиторлар барлық кафелер мен мейрамханаларды тексерді. Олар заңсыз жұмыс істеп тұрған караоке-барды тауып, заң бұзушылықты видеоға түсіруге тырысты. Караоке иесі операторға жұдырығын ала жүгірді.

Караоке қызметкері операторға артқы жағынан шабуылдап, қымбат құралдарын сындырып тастады, деп хабарлайды лысында биткоин өндіретін майнинг ферма отқа оранды. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Полиция мәселенің мән жайын анықтауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

"Ол менің бетімнен шынтағымен ұрып, бейнекамераны сындырды. Топтың құрамына кірген учаскелік инспектор полицияның қосымша отрядын шақырғаннан кейін 2 сағат өткенде құралдарды қайтарып берді", - деді оператор Абай Жанысбеков.

Сонымен қатар, караоке-бардың өкілінің инспекторларға қатысты өз шағымдары бар. Айтуларынша, тексеріс кезінде олардың бірі жалюзиді сындырған. Ол шабуылды жала деп атады. Ер адам » деді. 

"Мен камерасы бар адамның бақылау тобының мүшелерімен бірге келгенін білмедім. Камераны одан тартып алып, барға қойдым. Оны ұрған жоқпын. Маған жала жабылды", - деді караоке бар иесі Қамбар Жариев.

Айтпақшы, мекеме карантиндік режимді бұзғаны үшін айыппұл төлеген жоқ, тек ескерту алды. Ал операторға қатысты істе сот шешім шығарады.

"Қазіргі уақытта осы факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша заңдық баға беріледі. Жыл басынан бері бақылау тобының мүшелері 700-ге жуық нысанды тексерді. Кейбіреулеріне миллион теңге айыппұл салынды", - деді Маңғыстау облыстық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр