Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ит суға батып бара жатқан иесін құтқарып, өзі батып кеткен

Фото: Lada.kz

Ақтауда ит суға батып бара жатқан иесін құтқарып, өзі батып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жануардың иесі Татьяна қайғылы оқиға 18 тамыз күні болғанын айтады. 

Әйелдің айтуынша, оның 13 жастағы қызы Богдана теңіз жағалауында Лорд атты лабрадорымен серуендеп жүрген. Балалар теңіз бойындағы тастардың үстімен жүргенде, кенеттен үлкен толқын көтеріліп, қызды теңізге алып кеткен. 


Артында 5 баласы қалды: Ақтауда ер адам суға батып бара жатқандарды құтқарып, өзі батып кеткен

"Күлкіге айналдырып, қарап тұрды": Балқашқа демалуға барған апалы-сіңлі блогерлер су аттракционына мініп, батып кете жаздады


Богдана өздігінен жағалауға шыға алмапты, осы сәтте Лорд жасөспірімді құтқаруға ұмтылған. Куәгерлердің айтуынша, ит қызды бар күшімен тастарға қарай итеріп, қауіпсіз жерге шығарған. Алайда өзі судан шыға алмай, батып кетіпті.

Иесінің айтуынша, Лорд отбасыда екі жыл тұрған, марапаттары бар, жасөспірімді қорғау мен оған қамқорлық жасау бойынша оқудан өткен екен.

"Лорд отбасымыздың толыққанды мүшесі еді. Менің үш балам бар, ең кішкентай қызым бір жаста. Лорд сол қызыммен бірге ойнап, күтім жасап жүретін. Біз оны қатты сағынамыз", – дейді Татьяна. 

Еске салсақ, бұған дейін БҚО-да суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп екі мұғалім мерт болғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 22:26
Талқылау