Ақтауда ер адамдар жанжалдасып, бір-бірін қайшымен жарақаттаған
Ақтау қаласындағы сауда, ойын-сауық орталығында жастардың жанжалы бір-біріне қайшымен жарақат салумен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанжалдасқандар жұмыстас азаматтар болып шықты, полицияға шағым түсірмеген. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
"2022 жылғы 23 желтоқсанда сағат 17:35 шамасында 102 кезекші пультіне 16 шағынауданда орналасқан "Ақтау" сауда, ойын-сауық орталығында жас жігіттердің жанжалдасқаны туралы шақыру келіп түсті. Онда 19 жастағы жігіттер бір-бірімен келіспей қалған. Жігіттердің бірі екіншісінің бетіне жарақат салған", – делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына қаралды. Дәрігерлер оны үйіне қайтарған.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан