AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ер адам иттерге тас атып, көлігімен басып кетпек болды (видео)

Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісі көшеде иттерді жоғары жылдамдықпен қуғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz. порталына сілтеме жасап. 

Оның итті қасақана басып кеткісі келгені көрінеді. Соған байланысты Ақтау полициясы жануарға қатысты қатыгездік фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, видео 17 наурызда кешкі сағат бес шамасында Ақтаудағы бірінші шағын аудан жағалауында түсірілген. 

Олар видеоға көлік жүргізушісінің қатыгез әрекеті толықтай түсірілмегенін айтты. Олардың сөзінше, жүргізуші басуға әрекет жасамас бұрын иттерге тас атқан. Автокөлік иесі басып кеткісі келген ит соңғы сәтте аман қалды.

"Оны барлық әкімшілік бап бойынша жазалайды деп үміттенеміз. Бұл адам көліктен шығып, иттерге тас лақтыра бастады, содан кейін қайтадан көлікке отырды да, оларды әдейі басқысы келді. Оны видеоға түсіріп тұрғанымызды көргеннен кейін, бізге бейәдеп сөздер айтты", - дейді оқиға куәгерлері.

Патрульдік полиция қызметкерлері тәртіпбұзушының жеке басын анықтады. Ол жауапкершілікке тартылады. Қалалық полиция қабылданған шешім туралы ақпарат қосымша хабарланатынын жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр