Ақтауда ер адам дүкеншіні соққыға жыққан (видео)
Видеодан скрин
Желіде Ақтаудағы дүкендердің бірінде ер адамның сатушыны ұрған видеосы тарады. Оқиға басқа сатып алушылардың көзінше болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнебақылау камерасынан алынған кадрларда әйел адамның кассада тұрып, ер адамға бірнәрсе түсіндіріп тұрғаны көрінеді. Бір сәтте сатып алушы ашуға мініп, әйелдің бетіне жұдырығымен соққы жасайды. Әлеуметтік желілердегі мәліметке сүйенсек, оқиға Ақтау қаласындағы 27-шағын аудандағы дүкендердің бірінде болған.
Желі қолданушылары тек шабуыл жасаған ер адамның әрекетіне емес, оқиға кезінде жанында болған өзге ер адамдардың ешқандай әрекет жасамағанына да наразылық білдіріп жатыр.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам сағат 23:00-ден кейін алкоголь сатып алмақ болған. Сатушы бұл уақытта ішімдік сатуға тыйым салынғанын айтқан.
"Күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, биыл қаңтар айында Саран қаласында дүкен сатушысы өлтірілген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік