Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі адам ажал құшты: Ақтауда екі көліктің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Ақтауда жол апаты болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме беріп.

Апат 8 қаңтарда Шығыс-1 және Шығыс-2 шағын аудандары арасында орын алды. Audi B4 және Toyota 4Runner автокөліктері соқтығысты. Белгілі болғандай, бірінші көлік жүргізушісі жол бермеді.

Автокөліктердің соқтығысу сәті видеоға түсіп қалған.


Ер адам Теміртау-Қарағанды тас жолындағы апаттан ғажайыппен аман қалды 


"Үш адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жол көлік оқиғасы фактісі бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды",-деп атап өтті Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Сенбі, 09 Қаңтар, 2021 14:04
Талқылау