Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда екі катер соқтығысып, екі адам жарақат алды

яхта соғылды

Ақтауда екі катердің соқтығысуы салдарынан екі адам зардап шекті, олардың бірі – кәмелетке толмаған жасөспірім. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бриз" яхт-клубының өкілдерінің мәліметінше, төтенше жағдай 12 қыркүйек күні кешке, шамамен 19:30-да болған. Жарақат алғандар жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа катер капитандарының бірі кінәлі болуы мүмкін. Яхт-клуб әкімшілігінің айтуынша, бір кеменің оң жақ борты зақымданған. Алайда, халықаралық теңізде кемелердің соқтығысуын болдырмау ережелеріне (МППСС-72) сәйкес, қарсы бағытта келе жатқан кемелер бір-бірінен сол жақ борттарымен өтуі тиіс.

Әкімшілік таратқан дерекке сәйкес, бір катер ережеге сай оңға бұрылған, ал екінші катер солға бұрылып кеткен. Соның салдарынан соқтығысқан. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Назархан Уән
Жексенбі, 14 Қыркүйек, 2025 15:30
Талқылау