Ақтауда долларлық жалған купюраларды сатпақ болған ер адам ұсталды
Ақтауда долларлық жалған купюраларды сатпақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет сюжет кадрларынан алынды
Жедел қызметкерлер ер адамды бақылау кезінде екі жігіт көлікте кездескенін, біреуі ақшаны санап, екіншісіне бергенін айтады. Біраз уақыттан кейін жедел қызметкерлер көлікке жақындап, күдіктіні қамауға алған.
Тексеріс нәтижесінде алынған ақшаның барлығы жалған болып шыққан. Жедел қызметкерлер барлығы 3850 псевдодоллар тәркіледі. Жалпы соманың қанша екені белгісіз. Ер адам бұған дейін де бірнеше мәміле жасауы мүмкін. Сондықтан құзырлы органдар халықты мұндай жалған валютаны пайдаланудың қылмыс екенін ескертеді.
“Бұған қатысы бар адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу жалғасып жатыр. Құрметті азаматтар! Егер сіз жалған банкнот тапсаңыз, оны сатуға тырыспаңыз. Ақшаңызды қайтару ниеті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін”, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.