Ақтауда бетперде киген топтың жасөспірімдерді азаптаған тағы бір видеосы тарады
Әлеуметтік желілерде ықтимал есірткі қоюшыларды азаптап-қорлағандардың тағы бір видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап.
Кадрда бетперде киген жігіттер екі жасөспірімді күштеп шешіндіріп, асқан қатыгездікпен түрлі затпен ұрып-соғып, тепкіге жыққан.
"2022 жылдың 18 қыркүйегінде Ақтау қалалық ІІБ криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бетперде киген күдіктілердің екі азаматты аяусыз соққыға жығып, балтамен ұрғанын анықтады. Олардың осыған ұқсас басқа да әрекеттері бар екені белгілі болды", - деді Маңғыстау облысы бойынша ПД өкілдері.
Сондай-ақ ықтимал есірткі қоюшыларға шабуыл жасады деген күдіктілер сот шешімімен екі айға қамауға алынғаны хабарланды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн