Ақтауда бесінші сынып оқушысы мен оның інісіне сыныптастары әлімжеттік көрсеткен
Ақтауда бесінші сынып оқитын қыз балаға және оның 3 сынып оқитын інісіне сыныптатары әлімжеттік көрсеткен. Оқушылардың өзара "мәселе шешіп" жағажыртысқан кезі бейнебақылауға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tumba.kz жергілікті басылымына сілтеп хабарлайды.
Оқиға 26 ақпанда Ақтау қаласының 3-шағын ауданында орналасқан "Школьник" орталығының жанында сабақтан кейін орын алды.
Маңғыстау облысы ІІД мәліметі бойынша, балалар арасында жанжал болған.
Алдымен оқушылар өзін қорғау үшін қолына тас алуға мәжбүр болған қызды бір жақты етпекші болған. Оған көмекке кіші інісі келеді. Бірақ оның да жағасынан ала түседі. Қарақшылық шабуыл жасағандардың айтуынша, ағасы және апасы, үшеу болған.
"Аталған факті бойынша Ақтау әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына материалдар жиналды", - деп түсіндірді полицияда.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді