Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда белгісіз біреу аулада ойнап жүрген балаларға оқ жаудырған (фото)

Ақтау қаласындағы 14-інші шағын ауданда белгісіз біреу аулада ойнап жүрген 6 жасар балаға оқ атқан.

Ақтауда белгісіз біреу аулада ойнап жүрген балаларға оқ жаудырған (фото)

Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 6 жасар бала достарымен бірге аулада ойнап жүрген. Осы кезде белгісіз біреу сол маңдағы ғимараттардың бірінің терезесінен оқ атқан. Салдарынан балаға оқ тиіп, достары оны үйіне алып барыпты.

Мұнан кейін баланың әкесі оқиға орын алған жерге келген. Ол оқ атылуы мүмкін деп жобаланған үйге барып, есігін қағыпты. Алайда үйден ешкім шықпаған.

5 мамырда жарақат алған баланың анасы Ләйлә ойнап жүрген баласын алып кету үшін футбол алаңына барған. Осы кезде оқ атылғанын естіген. Мұнан кейін әйел үйдің екінші қабатындағы терезеден мылтыққа ұқсас затты байқап, дереу полицияға хабарласқан.

Ақтауда белгісіз біреу аулада ойнап жүрген балаларға оқ жаудырған (фото)

Тәртіп сақшысы оқ атылды деп жобаланған пәтерге барған. Пәтерде болған ер адам ұсталып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ІІБ-на жеткізілді. Өз кезегінде жарақат алған баланың анасы арыз жазыпты.

Әйелдің сөзінше, ер адам пневатикалық винтовкадан оқ атқан.

Ақтауда белгісіз біреу аулада ойнап жүрген балаларға оқ жаудырған (фото)

Десе де Маңғыстау облысы бойынша ІІД аталған әзірге оқиғаға қатысты ресми мәлімет берген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда автокөлік тұрғын үйдің қабырғасына соғылды (видео)

Өскеменде қатты жел соғып, жаңа аялдамаларды құлатып жатыр

Колхоз бастығымен көңілдес болдым: ОҚО-ға келін болып түскен әйел өз әрекетіне өкінетінін айтып жылады

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы эфирге шығып, ел алдында сүйікті қызынан кешірім сұрады (видео)

Талқылау