Ақтауда әйел ойын алаңында танымайтын баланы ұрып-соққан (видео)
Желіде Ақтауда ойын алаңында баланы ұрған белгісіз әйелдің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Желідегі видеода әйел әткеншекте отырған балаға келіп, оны ұрып-соға бастаған. Деректерге сай, оқиға 20-шағыyауданда болған.
Аймақтық полиция департаменті бұл деректі растады.
“Әйелдің жеке басы анықталды. Ол қоғамдық орындарда қудалау фактісі бойынша жауапқа тартылды”, – деді полиция.
Қылмыстық кодекстің 449-бабы-қоғамдық орындарда қудалау фактісінде жеке тұлғаларға ескерту жасауға не оларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (18 460 теңге) салу қарастырылған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"