Ақтауда әйел қызымен бірге үшінші қабаттан секіріп кетті
Ақтауда әйел жасөспірім қызымен бірге үшінші қабаттан құлаған. Куәгерлердің сөзінше үстеріне киімі мен аяқ киімдерін киген олар біреуден қашқандай әсер қалдырған.
Бұл туралы “Лада” жазады.
Оқиға 17 қазан күні кешкі сағат 22:00 шамасында №29 үйде болған. Жерде жатқан әйел мен қызды қала тұрғыны көріп қалады. Оларды дереу облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген.
Үй тұрғындарының айтуынша, 40 жастағы әйел мен 15 жастағы қыз үшінші қабатта пәтер жалдап тұрған. Олар жерге құлаған әйел мен қыздың қасынан жастықтарды да тауып алған.
“Олар киініп алған, аяқ киімдері болды, әйелдің өзімен бірге сөмкесі бар екен. Олар біреуден қашып, сақтық үшін жастықпен бірге секірген сияқты. Егер олар пәтерден кеткен болса есіктен шығар еді. Аман қалғандарына шүкір”, – дейді көршілері.
Қазір мамандар оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты
Қостанай облысында полицейлер жанып жатқан үйден әйел мен үш баланы алып шықты