Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты

Сейсенбі, 17 Қазан , 2017 8:20

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылында 14 қазан күні қасқыр 8-сынып оқушысына шабуылдаған.

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Әкім орынбасарының айтуынша 14 қазан күні таңертең бала қойлар тұрған қораға барған.

“Ол қораға кіріп қасқырды көреді. Бірақ, бұл біреудің иті шығар деп ойлаған. Жыртқыш күтпеген жерден балаға шабуылдап, алайда ол төбеге шығып үлгеріп өзін құтқарып қалады”, – дейді әкім орынбасары Зәйлім Мәжитова.

Бала ересектерді көмекке шақыра бастаған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Сағат 8:40-та ол Жалпақтал аудандық ауруханасына жеткізіліп, құтыруға қарсы дәрі егіледі. Қасқыр баланың оң жақ сан етінен тістеп үлгерген екен. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық.

Зәйлім Мәжитованың сөзінше қасқырды жергілікті тұрғындар атып тастаған.

“Аңның тиісті бөлігі сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысы 10 күн ішінде дайын болады”, – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда көпірден адам құлап кетті

7-сынып оқушысы сүйіктісімен төбелескен жігітті атып тастады

Атырауда жол апатынан 5 адам қаза тапты

Алматыда сауда үйінде бүлдіршін 3-қабаттан құлап кетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар