Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жол апатынан 5 адам қаза тапты

Атырауда жантүршігерлік жол апаты 5 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Мой город.

Бейсенбі күні кешкі уақытта Атырау-Индер тасжолында тіркемесі бар МАЗ Мерседес Гелендваген көлігімен қақтығысты. Соның салдарынан 5 адам ажал құшты. 29 жастағы жүргізуіші мен 58-80 жас аралығындағы жолаушылар мерт болды. Ал, Мерседес жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазіргі таңда ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда сауда үйінде бүлдіршін 3-қабаттан құлап кетті (видео)

Алматы облысында екі адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Отандастары қазақстандық спортшы қызды жалаңаш суреттері үшін ұнатпайды (фото)

Талқылау