Қостанай облысында полицейлер жанып жатқан үйден әйел мен үш баланы алып шықты

Дүйсенбі, 16 Қазан , 2017 17:53

Қостанай облысында полиция қызметкерлері жанып жатқан үйден үш бала мен әйелді алып шықты.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

15 қазанға қараған түні Аманқарағай ауылында өрт шыққан. Құрамында Саят Таңатқанов, Мамед Ерғали және Алмас Өтеуұлы бар №159 автопатруль Қостанай-Әулиекөл автожолы бойында қоғамдық қауіпсіздік қадағалаған. Таңғы 4 кезінде тәртіп сақшылары ауылда жеке үйдің жанып жатқанын байқайды.

Олар бірден жанып жатқан үйге барып, оқиға орынына бірден өрт сөндірушілерді шақырған.

“Ол кезде өрт үйдің шатырына жанасып, адамдардың сыртқа шығуына кедергі келтірді. Үйдің ішінен балалардың айғайы естілген. Сол кезде полицейлер тұрғындарды өз беттерінше алып шығуға шешім қабылдайды. Олар үйдің ішінде жағдайды ушықтыруы мүмкін екі газ баллоны бар екенін аңғарады. Тәртіп сақшылары бастарын тәуекелге тігіп, адамдарды құтқарды”, – деп хабарлады ІІД.

Тұрғындарды алып шығу аяқталған кезде оқиға орынына Аманқарағай мен Әулиекөл ауылдарына қарасты өрт сөндіру қызметі де келіп жеткен. Құтқарылған баланың айтуынша олар сол күні монша жаққан. Өрт содан шыққан болуы мүмкін және кейін қызыл жалын үй ауласындағы ғимараттарға жанасқан. Өкінішке қарай үйдің жартысы жанып кетті.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда көпірден адам құлап кетті

7-сынып оқушысы сүйіктісімен төбелескен жігітті атып тастады

Атырауда жол апатынан 5 адам қаза тапты

Алматыда сауда үйінде бүлдіршін 3-қабаттан құлап кетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар