Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ауруханада екі жасар қызға мерзімі өткен препарат егілген

Ақтауда әйелдің екі жасар қызына жұқпалы аурулар ауруханасында мерзімі өткен препарат енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қаңтар айынан бастап дәрігерлер Руфина есімді кішкентай бүлдіршіннің ұстамасының ұстауы және 38 градусқа дейін қызуының көтерілуі себебін анықтай алмады. Оған қойылған диагноз – цитамегаловирус. Үшінші рет ауруханаға жатқызу кезінде, жеке зертхана мамандары анықтады.

Анасының айтуынша, бұл ауруға қарсы препарат нұсқауларды қатаң сақтауды талап етеді, өйткені оның жарамдылық мерзімі тез өтеді. 

"Бұл препарат тек 24 сағатқа жарамды. Яғни бала 24 сағат ішінде 2 рет қабылдауы керек. Сағат 2-де ашылды, яғни түнгі сағат 2-де беру керек, келесі күні тастау керек, олар кеше 3-күні қайтадан қолданған, яғни жарамдылық мерзімі өтіп кеткен кезде", – деді Ақтау тұрғыны Жұлдыз Тадженова.


"Үйде өздігінен туа береді": Алматылықтар жауапкершіліктен жұрдай болған көршілеріне шағымданды (видео) 


Жұлдыз Таженованың айтуынша, жарамсыз препаратты енгізгеннен кейін қызының жағдайы күрт нашарлаған. Күніне баланың дене температурасы бірнеше рет 39 градусқа дейін көтерілген. Ауруханада қызметкерлердің бірі өз кінәсін мойындады.

Медициналық қызметкерге облыстық денсаулық сақтау басқармасында сөгіс жарияланды. 

"Әзірге сөгіс бар,  өйткені мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Қазір медбике кінәсін мойындады, енді әкесінен кешірім сұрадық. Температура цитомегаловирустық инфекцияға тән, толқын тәрізді, тұрақты температура сақталады. Инфекцияның өзі осындай", – деп түсіндірді Маңғыстау балалар ауруханасы директорының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлжан Ермекбаева.

Алайда зардап шеккен қыздың анасы сөгіс түріндегі жазаға қанағаттанбайды. Ол медицина қызметкерін жұмыстан шығарып, балаға сапалы медициналық көмек көрсету үшін елордадағы Ана мен бала ұлттық орталығынан квота алуға ниетті.

Назерке Мұса
Жұма, 08 Қазан, 2021 07:45
Талқылау