Ақтауда апельсинге таласқан екі әйел төбелес шығарды
Ақтау базарларының бірінде апельсинге таласқан екі әйел төбелесіп қалды.
Бұл туралы “Тумба” хабарлайды.
Апельсиннің шындап келгенде ешқандай да ерекшелігі жоқ екен. Құқық қорғау органдарының айтуынша, тек екі әйел де өз принциптерін соңына дейін қорғамақ болыпты.
Оқиға 26 қараша күні 23 ықшамаудандағы базарлардың бірінде болған. Екі сатып алушы бір сатушының өнімдерін таңдаған.
Олардың бірі қолындағы сөмкесін тастай сала, екінші әйелдің қолындағы жеміске жармасқан. Бастапқыда өз өнімдерінің осыншама танымалдылығына риза болған сатушы, кейінірек істі дұрыстап шешудің амалын қарастыра бастаған. Ақырында екі азаматшаға да ірі-ірі екі апельсин беріп құтылған көрінеді.
Оқиғаға куәгер болғандардың бірі тіпті тәртіп сақшыларын шақырып үлгерген. Алайда сатушының жомарттығы ұрыстың тез басылуына себепкер болған. Дегенмен, олар бұзақылығы үшін жауапқа тартылуы да мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Семейде боксшыны сабап өлтірген қаңғыбас әйелге қатысты сот үкімі шықты