Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың бөлшектері шығарылып жатыр (видео)
Әлеуметтік желіде Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың бөлшектері тасымалданып жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Апатқа ұшыраған ұшақтың артқы бөлігі тасымалданып жатыр.
Көлік министрлігі тергеу әлі аяқталмағандықтан, ол туралы толық түсініктеме бере алмайтындарын мәлімдеді.
"Комиссия ұшақтың құрамдас бөліктерін ангарға тасымалдап жатыр. Ангар Ақтау әуежайының аумағында орналасқан", – деп хабарлады министрлік.
Еске салсақ, бұған дейін Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта барлығы 67 жолаушы, оның ішінде 6 қазақстандық болған. Бортта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапты. Ұшақ апатында қаза болған қазақстандықтардың аты-жөндері белгілі болды. Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының төртеуі Маңғыстау облысының, біреуі Қостанайдың, біреуі Астана тұрғыны болғандары анықталды.