Дархан Сатыбалды президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қызметтен босатылып, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz
Дархан Сатыбалдының жаңа қызметке ресми тағайындалғанын Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұрын атқарған қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда дүниеге келген. Ол Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менеджер, заңгер мамандығын меңгерген.
Қызметінде Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкенттен Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі сынды бірнеше лауазымды атқарды.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"