Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағының экипажына ескерткіш орнатылды

Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL жолаушылар ұшағының экипажына арналған ескерткіш орнатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі liter.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Монумент Әзірбайжанның қаһармандарына – ұшқыш Александр Кальянинов пен бас бортсерік Хокума Алиеваға арналып қойылды.
Мемориалдың іргетасын қалау рәсіміне қаза тапқандардың туыстары мен әріптестері, сондай-ақ жергілікті қауым өкілдері қатысты. Іс-шара барысында экипаж мүшелері жайлы естеліктер айтылып, гүл шоқтары қойылды.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде экипаж мүшесі бесеу. Апат салдарынан 38 жолаушы қайтыс болды, 29 адам аман қалды.
Осыған дейін Әзірбайжанда Ақтау маңындағы ұшақ апаты жайлы фильм көрсетілген еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды